• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №106

359 рет
көрсетілді

2016 жылғы 24 ақпан, Астана, Үкімет Үйі «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы №670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы №670 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №51, №704-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:» 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.